Ресейден Қазақстанға банк арқылы ақша аудару 6 есе өсті
(last modified 2023-03-30T13:23:01+00:00 )
Нау 30, 2023 19:23 Asia/Almaty
  • Ресейден Қазақстанға банк арқылы ақша аудару 6 есе өсті

Қазақстанның ұлттық банкі: "Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша аудару көлемі өткен жылы 32,7 пайызға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылы Қазақстаннан шет елдерге ақша аудару және шет елден ақша алу сомасының орташа көрсеткіші шамамен бірдей. Сәйкесінше 415 мың теңге шет елге аударылып, 413 мың теңге шет елден келіп отырған.

Мұнымен қоса, Қазақстаннан шет елдерге ақша аудару деңгейі 2,4 пайызға өскен жағдайда Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы елге ақша әкелу көлемінің айтарлықтай артқанын (2,4 есе) көруге болады.

2022 жылы Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы Ресейден Қазақстанға ақша аудару көлемі 6,8 есе, Қырғызстаннан 2,8 есе, АҚШ-тан 33 пайызға өсті.

2022 жылы Қазақстанда ел ішінде ақша аудару 34,6 пайызға өскені тіркелді. Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жергілікті валютамен аударылған орташа сома 178,8 мың теңгеден асады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.  

Тегтер