Қытайдың Қазақстанға автокөлік экспорты  ұлғайды
(last modified Wed, 05 Apr 2023 12:01:59 GMT )
Сәу 05, 2023 18:01 Asia/Almaty
  • Қытайдың Қазақстанға автокөлік экспорты  ұлғайды

Қытай Қазақстанға көлік экспортын арттыру арқылы Ресей мен Жапония сияқты бәсекелестерін басып озды.

Қазақстанның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметі бойынша Қытайдың автомобиль өнеркәсібі өткен жылы Қазақстан  нарығын жаулап, бұл елге 12 мыңнан астам көлік экспорттаған.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы Қытайдың 2023 жылы осы елдегі жеңіл көліктердің негізгі экспорттаушысы болғанын хабарлады. Осы есеп бойынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Қытай автомобильдерінің Қазақстанға экспорты шамамен бес мың бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 есе көп. Қытайдың Қазақстанға автокөлік экспортының ұлғаюымен бұл ел бұл өнімді экспорттауда Ресей мен Жапонияны алмастырды.