Сәу 08, 2023 21:04 Asia/Almaty
  • Ирандағы Қазақстан елшісі: Иран мен Қазақстан азаматтарына 14 күнге визасыз режим орнады

Ирандағы Қазақстан елшісі: "Астана үкіметі Иран азаматтарына Қазақстанға сапарлауға 14 күнге визаны алып тастауға шешім қабылдағаннан кейін Теһран үкіметі Қазақстан азаматтарына да осындай мүмкіндік жасап берді",-деді.

Ирандағы Қазақстан елшісі Асқат Оразбай ISNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Қазақстан Президенті 2022 жылы шілде айында Теһранға ресми сапармен келіп, Иран азаматтарына 14 күн визасыз Қазақстанға баруға рұқсат етілетінін жарияланған соң бұл шара сапардан бір ай өткен соң жүзеге асырылды",-деді.

Асқат Оразбай: "Иран үкіметі де қарымта әрекетте Қазақстан азаматтары Иранға 14 күн визасыз сапарлай алады деп жариялады",-деді.

Ирандағы Қазақстан елшісі сондай-ақ екі ел арасында тікелей әуе рейстері барына тоқталып: "Иран мен Қазақстан басшылары кәсіпкерлер мен халықтың барыс-келісін жеңілдету үшін өзара қатынас жолдарын дамытуға талпынып жатыр",-деді.

Тегтер