Қазақстан Президентінің атынан ауызашар берілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i68912
Қазақстан Президенті резиденциясында ел Президентінің атынан ауызашар берілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 09, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президентінің атынан ауызашар берілді

Қазақстан Президенті резиденциясында ел Президентінің атынан ауызашар берілді.

«Fars news» агенттігінің бүгінгі хабарлауы бойынша, Қазақстан  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы рәсімде қасиетті Рамазан айының барша мұсылмандар үшін ерекше маңыздылығына тоқталып: «Мүміндер бұл айды рухани жетілуге ​​және ізгі істерге арнайды. Бүгінгі таңда қазақ қоғамының рухани-мәдени сұранысына сай ислам дінін насихаттау ерекше маңызға ие»,- деді.

Бұл ауызашарға Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқару және көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері қатысты.