Сәу 15, 2023 16:13 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақпен саудасы артты

Биылғы жылдың алғашқы екі айында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымының көлемі 4 миллиард 133 миллион доллардан асты.

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық статистика басқармасы осы статистиканы жариялауымен қатар,  2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда көлемінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға өскенін мәлімдеді. Қазақстанның Ұлттық статистика басқармасының мәліметі бойынша, осы кезеңде тауар экспорты 1 миллиард 650 миллион долларды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 33,9 пайызға өсті. Осы кезеңде Қазақстан импортының құны да өткен жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға өсіп, 2 миллиард 483 миллион долларға жетті. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда көлемі 2023 жылдың қаңтарында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1 пайызға өсіп, 2 миллиард 130 миллион долларды құрады.

Тегтер