Алматыда Еуропалық Одақ – Орталық Азия елдерінің екінші экономикалық конференциясы өтеді
(last modified 2023-04-19T05:50:06+00:00 )
Сәу 19, 2023 11:50 Asia/Almaty
  • Алматыда Еуропалық Одақ – Орталық Азия елдерінің екінші экономикалық конференциясы өтеді

«Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық конференциясы ағымдағы жылдың 19 мамырында Қазақстанның Алматы қаласында өтеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Еуропа Одағы – Орталық Азия» атты екінші экономикалық конференцияға қатысушылар экономикалық және коммерциялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері  туралы пікір алмасады.

Осы мәлімет бойынша екінші конференцияда Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Еуроодақ, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Алматыда (Қазақстан) екінші «Еуропа Одағы-Орталық Азия» экономикалық конференциясына қатысады.

Еуропалық Одақ – Орталық Азия елдерінің бірінші экономикалық конференциясы 2021 жылы қарашада Қырғызстанның ұйымдастыруымен Бішкек қаласында өтті.

Тегтер