Қазақстан Премьер-министрі Теһранға келеді
Сәу 20, 2023 15:45 Asia/Almaty
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Иран Вице-президенті Мұхаммед Мохбердің шақыруымен 26 сәуірде Теһранға келеді.
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Теһранға сапары екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Премьер-министрі осы сапар барысында ИИР басшыларымен кездесіп, кеңеседі.
Айта кету керек, Иран мен Қазақстан арасында сауда айналымының көлемі 2022 жылдың алғашқы 10 айында 450 млн доллар болды. Иранның Қазақстанға экспорты 5,26 пайызға өсіп, 167 млн доллар құраса, Қазақстаннан импорты 15 пайызға өсіп, 283 млн долларға жетті.
Тегтер