Maм 14, 2023 17:07 Asia/Almaty
  • Қазақстанның мектептерінде лаңкестікке қарсы жаттығу өтті

Қазақстанның мектептерінде ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен лаңкестікке қарсы жаттығу өтті.

Қазақстан Білім министрлігінің бала құқығын қорғау комитеті елдің барлық мектептерінде лаңкестікке қарсы күреске дайындалу мақсатында жаттығу өткізді.

Бұл жаттығуда "Білім беру орталықтарында лаңкестікке қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру" бағдарламасы аясында бекітілген нұсқаулар пысықталды. Қажет болған жағдайда аталмыш нұсқаулар жаттығу барысында қол жеткізілген тәжірибеге байланысты оңтайландырылады.

Қазақстан Білім министрлігінің бала құқығын қорғау комитеті жаттығулар тек алдын алу мақсатында атқарылып жатқанын айтып, олардың басты мақсатын техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін тексеріп, сенімділікті арттыру деп атап: "Оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер қатер туындаған жағдайда тиісті реакция білдіре алуы тиіс",-деді.

Тегтер