Сиань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды
(last modified Mon, 29 May 2023 17:28:40 GMT )
Maм 29, 2023 23:28 Asia/Almaty
  • Сиань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Қытайдың Сиань қаласында Қазақстан Президентінің қатысуымен осы елдің бас консулдығы ресми түрде ашылды.

Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында Қазақстан бас консулдығының ашылуын екі ел тарихындағы маңызды оқиға деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Сиань – "Бір белдеу – бір жол" экономикалық жобасының маңызды нүктесі. Қазақстан мен Қытайдың Шанси облысы және Сиань қаласы арасында жақын қарым-қатынас орнаған. Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласымен бауырлас облыс және қала атану туралы келісімге қол қойылған. Бұл екі елдің қарым-қатынасының нығаюына көмектеседі",-деді.  

Тоқаев: "Сиань қаласында Қазақстан бас консулдығының ашылуы өзара әріптестікті дамытуға жаңа серпін береді",-деді.