Қазақстан ОПЕК-тің мұнай өндіруді азайту саясатын қолдады
(last modified Tue, 06 Jun 2023 07:47:30 GMT )
Маусым 06, 2023 13:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан  ОПЕК-тің мұнай өндіруді азайту саясатын қолдады

Қазақстан ОПЕК-тің мұнай өндіруді азайту саясатын қолдады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі кеше, дүйсенбі күні бұл елдің мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррель деңгейінде ерікті түрде қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартатынын хабарлады.

Сәйкесінше, Қазақстан ОПЕК+ саммитіне қатысушы елдермен келісе отырып, алдын алу шарасы ретінде сәуірде өз еркімен қысқарту туралы мәлімдеген 78 мың баррельді 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартады. Жексенбі күні өткен кездесуден кейін ОПЕК+ мұнай өндірудің жалпы деңгейін 2024 жылдан бастап тәулігіне 46,46 миллион баррельге дейін реттеуге келісті. Екінші жағынан, Ресей 2024 жылдан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 9,828 миллион баррельге дейін реттеуі керек.