Маусым 18, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Қазақстан үкіметі: АЭС құрылысын  референдумға шығармаймыз

Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары бұл елде атом электр стансасын салу туралы шешімнің халықтың пікірі ескерілмей қабылданатынын және  референдумға  шығарылмайтынын хабарлады.

 

Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі көтерілгеніне бір жылдан асты. Бұған дейін бұл елдің президенті Қасем Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу туралы шешім өз еліндегі халықтың көпшілігінің пікірін ескермей қабылданбайтынын айтқан болатын. Бірақ 2019 жылдан бастап Қазақстан билігінің бұл саладағы ұстанымдары айтарлықтай өзгерді, өйткені Қазақстанда энергия тапшылығы күтілгеннен әлдеқайда жылдам байқала бастады.

Сыншылар экологиялық апат қаупін, Ресейге энергетикалық тәуелділік қаупін, сондай-ақ бұл жоспардың шығындарын атап өтті және көпшілік 1986 жылы Чернобыль электр станциясындағы апатты және 2011 жылы Жапониядағы Фукусима апатын да еске салуда.

Осыған орай IRNA агенттігінің Eurasia Net-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысында журналистерге: «Бірінші мәселе электр стансасының уақыты мен орнына қатысты. Екінші және ең маңызды  мәселе - бұл технология және қаржылық-экономикалық модель немесе олар бұл жобаны қалай жүзеге асырады. Осы салада жұмыс істейтін компаниялардың барлығы Қазақстанмен ынтымақтастықты іздестіруде, ал жақында келіссөздерге Оңтүстік Кореядан өкілдер келіп, қазір Қытай тарапының шақыруын күтіп отыр",- деді.

Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел.

 

Тегтер