Қазақстан ластаушы газдарды азайтуға бет бұрды
(last modified 2023-06-20T11:28:31+00:00 )
Маусым 20, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Қазақстан ластаушы газдарды азайтуға бет бұрды

Қазақстан ластаушы газдарды азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Алматы-2 электр станциясында көмір мен электр энергиясын газға ауыстырды.

 

АКИ (Қырғызстан) ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Азия даму банкі мен Алматы электр орталығы 9 маусымда бұл жобаға 219 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды. Бұл жобаның жүзеге асуымен көмір және электрмен біріктірілген отынмен жұмыс істейтін Алматы-2 электр өндіру орталығы жаңартылды.

Азия даму банкі қазір осы электр станциясын жаңғырту жобасының үшінші инвестициялық серіктесі болып табылады.

Көмірді электр станцияларында пайдалануға байланысты Қазақстан әлемдегі ең ластанған және ластаушы газдарды ең көп өндіретін елдердің бірі болып табылады. Цифрлық ақшаны өндіру электр энергиясын жоғары тұтынумен мүмкін болады және бұл ел әлемдегі криптовалюта өндіретін үш ірі елдің бірі болып табылады.

Осы себепті Қазақстанның көмір электр станциялары максималды қуатында электр энергиясын өндіруде. Бұл ел ең маңызды ірі электр станцияларының бірінде көмірді пайдалануды тоқтатты.

 

Тегтер