Ынтымақтастықты дамыту - Қазақстан мен Люксембургтің жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы кеңесулердің басты тақырыбы
(last modified 2023-07-07T10:51:05+00:00 )
Шіл 07, 2023 16:51 Asia/Almaty
  •  Ынтымақтастықты дамыту - Қазақстан мен Люксембургтің жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы кеңесулердің басты тақырыбы

Қазақстан Президентінің  Астанада Люксембург Сыртқы істер министрімен кездесуі барысында транзит саласында екі меморандумға қол қойылды.

 

Қазақстан Президенті Люксембург Сыртқы істер министрінің сапары екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін оң перспективалар ашатынын айтты. Тоқаев: «БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында мен Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельмен сындарлы пікірталас өткіздім. Бұл Астана мен Люксембург арасындағы өзара тиімді серіктестікті тереңдетудің ұзақ мерзімді перспективасы туралы өте сындарлы және мазмұнды диалог. Қазақстан Люксембург елі мен халқына үлкен құрметпен қарайды, біз өзара ынтымақтастығымыздың болашағына сеніммен қараймыз»,- деді.

Тараптар көлік және логистика, цифрландыру, жасыл энергетика, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы елдер арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Ассельборн үкіметтер арасындағы ынтымақтастықты  оң бағалап: «Бүгін біз екі меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Cargolux» Қазақстанға аптасына 21 рейс жасайды»,- деді.

 

Тегтер