Там 03, 2023 22:32 Asia/Almaty
  • Қазақстан пен Грузия Премьер-министрлері экономикалық ынтымақтастық туралы кеңесті

Грузия Премьер-министрі Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматыға барып, өзінің қазақ әріптесімен кездесті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Грузия делегациясын бастап Қазақстанға барған Ираклий Гарибашвили Алматыда өзінің қазақ әріптесі Әлихан Смайыловпен кездесіп, екі елдің сауда, тасымал және логистика салаларында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.  

Осы кездесуде Әлихан Смайылов Грузияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды әрі сенімді серіктесі деп атап, екі елдің барлық салаларда байланысын қарқынды дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

Қазақстан Премьер-министрінің айтуынша, өткен 6 айда екі елдің түрлі секторларының Транс-Хазар халықаралық тасымал бағытын дамыту саласында ынтымақтастығы артты. Осы аралықта екі ел арсындағы сауда айналымының көлемі шамамен 30 пайызға артып, 190 млн долларға жетті.

Ираклий Гарибашвили Грузияның Қазақстанмен барлық салаларда әсерлі әріптестікті нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер