Там 16, 2023 01:15 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Армения – ТМД-ға мүше елдер арасында еркін экономикаға ие жалғыз мемлекеттер

Heritage Foundation зерттеу орталығының хабарлауынша, ТМД-ға мүше елдер арасында Қазақстан мен Армения ғана салыстырмалы түрде еркін экономикаға ие.

Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Армения Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен Орталық Азия елдері арасында 65,1 көрсеткішімен 50-ші орында, ал Қазақстан 62,1 көрсеткішімен 71-ші орында тұр. Бір жыл бұрын Қазақстан 64,4 көрсеткішімен 64 орында болатын.  

Осылайша тек Қазақстан мен Армения салыстырмалы түрде еркін экономикаға ие елдер (60-69,9 ұпай) тізіміне енді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдер мен Орталық Азия елдері, Түркіменстаннан басқасы еркін емес экономикаға ие елдер (50-59,9 ұпай) тізіміне тіркелген. Еркін емес экономикаға ие елдер – Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь пен Тәжікстан.   

Тегтер