Там 21, 2023 02:35 Asia/Almaty
  • Қытай, Ресей мен Италия – Қазақстанның ең үздік үш сауда серіктесі

Қазақстан ұлттық статистикалық бюросының хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында Қытай, Ресей мен Италия Астана үкіметінің ең үздік үш сауда серіктесі атанды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 20 пайызға артты. Қытайдың Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі бестен бірден асты.

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 13,6 млрд доллардан асты, былтырмен салыстырғанда 20,5 пайызға көбейді. Қытайға экспорт 3 пайызға азайып, 6,3 млрд доллар немесе жалпы экспорттың 16,7 пайызын құрады. Ал импорт 53 пайызға артып, 7,3 млрд долларға немесе 24,8 пайызға жетті.

Қазақстанның екінші үздік сауда серіктесі – Ресей. Жалпы өзара сауда айналымының көлемі 12,7 млрд долларға жетті. Бұл ел Қазақстанның сыртқы сауда көлемінің 18,9 пайызын алып отыр. Биылғы жылдың алғашқы 6 айында Ресеймен сауда айналымы 3,7 пайызға артты.

Қазақстанның Италиямен сауда айналымы 1,5 пайызға төмендесе де, ол Астананың үшінші үздік сауда серіктесі саналады. Жалпы сауда айналымы 7,9 млрд долларды құрады. Италия Қазақстанның сыртқы саудасында 11,7 пайыз үлеске ие.   

Тегтер