Қаз 19, 2023 22:01 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен БАӘ 37 млн долларлық келісімшартқа қол қойды

Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі бастаған қазақстандық өндірушілер делегациясы Дубайға сапар барысында жалпы құны 37 млн доллар тұратын экспорттық келісімшарттарға қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев: "Қазақ компаниялары 90-ға жуық тауар түрі, соның ішінде металлургия, химия, тамақ өнеркәсіптері өнімдері, тасымал, құрылыс материалдары мен фармацевтикалық өнімдерді ұсынуға дайын",-деді.

Қайрат Төребаев: "БАӘ нарығы Қазақстан тауарлары үшін басты экспорттық бағыттардың қатарында",-деді.

Қайрат Төребаевтың айтуынша, 2022 жылы БАӘ-ге экспортталған қазақстандық өнімдер құны 3,560 млн долларға жеткен.

Тегтер