Қаз 24, 2023 19:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  Бас директорымен кездесті

Қазақстан Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директорымен кездесуінде екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

 

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейюс және осы ұйымның аймақтық кеңсесінің басшысы Ханс Клугемен кездесіп, әңгімелесті.

Астанада өткен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Дүниежүзілік конференция аясында өткен бұл кездесуде Тоқаев былай деді: "Қазақстан дүние жүзінде басты ұйым болып саналатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жемісті ынтымақтастықта. Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді міндеттейді, оның ішінде денсаулықты жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу, ана мен бала өлімін азайту, туберкулез індетін толық жою.

Сондай-ақ, тараптар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы ынтымақтастық мәселелері және Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдаудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Тегтер