Қар 11, 2023 18:20 Asia/Almaty
  • Ұлттық киімдерді насихаттау

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрам ұлттық киімімізді насихаттау мақсатында оқу орнына ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келді. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

https://farabi.university/ 

Қазақтың ұлттық киімдері – өткен тарихымыз бен салт-дәстүріміздің көрінісі. Ең әдемі киім – ұлттық киім. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де ерекше болып келеді. «Заттың құны жылтырында емес, сапасында» демекші, қазақ ұлттық киім­дері аң терілерінен, жүннен, киізден, был­ға­ры­дан және матадан тігілген. Қазақ халқының қолөнері – көне заман­мен бірге дамып, біте қай­на­сып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келеді. Қазақша киім үлгілерінің даму тарихы еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын  ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды. 

Қазақтың ұлттық киімдері

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

аға оқытушысы  Идрисова Г.А.

колледждің арнайы пән оқытушысы

Кенжебаева  Э.Б.

Тегтер