Қазақстанда парсы тілі мен ирантану курсы ашылды
Қазақстанның Астана қаласында парсы тілін үйрету және ирантану курсының жаңа кезеңі басталды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Иран елшісі Әли Акбар Джоукар парсы тілі курсының ашылу рәсімінде парсы тілінің ерекшеліктерін санамалап, оның әлемдегі таралым аясы және оның ғылым, әдебиет, мәдениет және сопылық салаларындағы маңыздылығын атап өтіп, қандай мақсат болса да, парсы тілін үйренуді лайықты таңдау деп атады.
Әли Акбар Джоукар әлем шиіттерінің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.) тіл үйрену туралы сөздеріне тоқталып: "Адам қанша тіл білсе, оның білімі мен дүниетанымы соншалықты дами түседі. Екі тіл білген адам екі адамдай болады",-деді.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ИИР осы елдің тәуелсіздігін ресми түрде танып, осы елдің астанасында өз елшілігін ашқан алғашқы елдердің бірі болды. Екі халықтың діни, мәдени және тарихи тамырын ескере отырып, Иран мен Қазақстанның 30 жылдық қарым-қатынасы тепе-теңдікте қарқындап дамып жатыр.