Қазақстанның бітімгершілік күштері Ливанға аттанды
(last modified 2023-11-15T16:30:15+00:00 )
Қар 15, 2023 22:30 Asia/Almaty
  •  Қазақстанның бітімгершілік күштері Ливанға аттанды

Ливандағы 6 айлық қызметін аяқтаған әскери қызметкерлерді ауыстыру үшін Алматыдан бітімгершілік күштерінің 10-шы тобы жөнелтілді.

 

  

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның бітімгершілік күштерінің қолбасшысы майор Жасұлан Есмамбетов: «Ливанға баратын бөлімше сапалы дайындықтан өтті және миссияда жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындайтынына сенімдімін",- деді.  Оның айтуынша, біздің әскери қызметкерлердің кәсіби шеберлігін миссия қолбасшылығы, сондай-ақ бірлескен патрульдік қызмет атқаратын Ливан Қарулы Күштерінің өкілдері талай рет байқаған.

Алдағы 6 айда қазақстандық әскери қызметшілер Үндістандағы  бітімгершілік батальонының құрамында болады.

Қазақ бітімгерлері басқа елдердің бітімгершілік күштері сияқты дүние жүзіндегі бітімгершілік миссияларына, соның ішінде Ливандағы миссияға қатысады. Ливандағы қазақстандық бітімгершілік күштердің ротациялануы олардың бітімгершілікке қатысуының үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

 

Тегтер