Қар 24, 2023 01:53 Asia/Almaty
  • Мен армандаған Қазақстан

Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі шешуі керек.

Мен де Моңғолиядағы барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, бірақ бұл елден емес, менің назарым атамекенім Қазақстан Республикасындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне https://farabi.university/, тоқтады. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ҰDashboardлттық университетіне түсу әрбір түлектің арманы болғаны анық. Себебі  ол алдыңғы қатарлы оқу орындардың бірі де бірегейі. Биыл оқуға грант арқылы түсуді мақсат етіп жүрген жас тыңдаушылардың бірімін. Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университетінің дайындық факультетінде білім алып жүрмін.      

ҚазҰУ

ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының рейтингісінде көш бастап тұр. Бұл университеттің дайындық факультеті тыңдаушыларды Қазақстандағы өздері қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жаңа тілдік және әлеуметтік ортада жақсы үйренісіп кетуіне, Қазақстан мәдениеті мен тарихы, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін терең игеруге мүмкіндік береді. Сапалы білім беретіндіктен дайындық факультеті шетел азаматтарының сұранысына ие болып отыр. Бұл факультет өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр. Дайындық факультетіне түскелі бері жаңа өмірге араласа бастағанымды сезінгендей болдым. Мен 15-шы дайындық тобында оқимын. Біздің өмірде өз орнымызды табуымызға, адам болып қалыптасуымызға септігін тигізген ұстаздарымызға мың да бір алғыс айтамыз. Өз қызметтерін мүмкіндігінше атқарып, біздің өмірімізде өшпес із қалдырған ұстаздарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Осы ұстаздарымыздың берген білімін ақтап, оқуға түсіп кету – біздің мақсатымыз. Білім іздеген қандастарымыздың қай кезде де қазақ топырағынан білім нәрін алуға мүмкіндігі бар екенін еліміздегі білім ордасының қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алып жатқан жастардан көруге болады. Онда әртүрлі мемлекеттерден келген қандастарымыз білім алып жатыр. Олар ертең Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек ететін болады.

                                                                                                                                                                                              Али Арманбек

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру 

факультетінің 15-топ тыңдаушысы

 

Тегтер