Қар 27, 2023 23:28 Asia/Almaty
  • Түлектермен кездесу: Өткен күннен естелік

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында факультет түлектерімен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында https://farabi.university/ тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ-16) іске асыру мақсатында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы факультет түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсатыаталмыш оқу орнында 9 ай білім алатын қандас тыңдаушылармен пікір алмасып, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға ынталандыру.

Кеш қонақтары 10, 15, 20 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер болды, атап айтқанда, Нұржұма Елесбай – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері,  Қуаныш Біләл – Qamshy.kz  ақпарат агенттігінің директоры. Сондай-ақ, жиынға ақын, мәдениет қайраткері Қайрат Құл-Мұхаммет, кәсіпкер Ғалым Кәпу, Алматы технологиялық университетінен Асқар Әкімбек, “Қазақсофт” компаниясының жетекшісі әрі бағдарламашы (программист) Тәліп Нүсіп қатысты.

Кеш шымылдығы түлектердің құттықтау сөздерімен басталды. Олар қара шаңырақтағы білім мен өнер жолын осы факультетте бастағандарын айтып, естен кетпес қызыққа толы студенттік өмірлерінен сыр шертіп, тыңдаушыларға өмірлік тәжірибелері мен жетістіктері туралы баяндап, пайдалы кеңестер берді.

Кездесуде түлектер білім мен тәрбие берген кафедра ұжымы мен оқытушыларға деген сағыныштары мен қимас сезімдерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, қазір тыңдаушыларға берілген мүмкіндік пен уақытты тиімді пайдалану керегін түсіндіріп, ақыл-кеңестерін айтты. Кеште көрермен тыңдаушыларға түлектер сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдап, мамандық таңдауда жаңылмауға кеңес берді.

«Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. «Мамандық» дегеніміз бұл кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдау – өмір жолының сәттілігінің негізі.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы

Кездесудің соңын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Н.Б. Тәуекелов мырза қорытындылап, салтанатты жиын түлектердің ән-шашу шымылдығымен жабылды. 

 

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары

Г.М. Мужигова, С.Р.Нұртілеуова, Г.А. Идрисова

 

Тегтер