Жел 02, 2023 14:01 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қонақта болды

23 қарашада Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Джоукар бастаған делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

23 қарашада Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Джоукар бастаған делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаевпен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Кездесуге сондай-ақ мәртебелі мейманмен бірге Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсен Фағани, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы Милад Самет Хейрандиш, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының атташесі Хоссейн Ағазаде мырзалар да қатысты. Жүздесу барысында бірлескен ғылыми жобалар шеңберінде одан әрі әріптестік және өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.

Сол күні Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті.  Елші мырза  жалпы шығыстану ғылымы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, Шығыстың жарық жұлдызы әл-Фараби еңбектерінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін де ерекше атап өтті. Кездесуге  Шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Ирантану бөлімінің студенттері Омар Хайям, Хафиз, Сағдидің өлеңдерін оқып, Али Акбар Джоукар мырза оларға сыйлық табыстады.

Дайындаған:  Боранбаева Айман Жұбатқанқызы

 

Тегтер