Жел 11, 2023 21:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан жанұядағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге бел байлады

Қазақстан Президенті әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұған дейін Қазақстан Парламентінің депутаттары зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны күшейту туралы ұсыныс жасады. Өйткені олардың ойынша, елде әлі "зорлық-зомбылық" деген ұғым жоқ, тек "ұсақ бұзақылық" деген ұғым қолданылып келеді.

Fars ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңды күшіне енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл бағдарлама Қазақстанда адам құқығын қорғау үшін ұлттық жүйені нығайту мақсатында жобаланды.

Тоқаев бұл туралы: "Бұл жобада жыныстық теңдікті нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, қылмыстық сот саласында азаматтарды қолдау, азаптау пен қатыгездіктің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Жобаның бір бөлігін орындау үшін тиісті заңдар қабылданатын болады",-деді.  

Қазақстан Президенті үкіметке алты айда бір рет (15 шілдеге дейін және 5 қаңтарға дейін) Президент әкімшілігіне осы жобаның орындалу барысы туралы есеп беруді бұйырды.

Тегтер