Жел 19, 2023 20:02 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Тәуелсіздік Қазақстан үшін жаңа көкжиектер ашты

Қазақстан Президенті еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтауында: "Тәуелсіздік еліміздің алдынан жаңа көкжиектер ашты",- деді.  

 

 

Қазақстан 16 желтоқсанды күні ретінде тойлайды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Бұл мереке халық бірлігінің нышаны және жаңа тарихи жағдайларда еліміздің еркіндігі мен тәуелсіз дамуының көрінісі. Өмірдің барлық саласында басталған терең қайта құрулар сан ғасырлық тарихи оқиғаларымыздың жаңа тарауын ашты. Бірлік пен тұрақтылық, заңдылық пен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білім мен еңбек сияқты құндылықтарға сүйене отырып, біз бұл биік мақсатқа міндетті түрде жетеміз. Тәуелсіздік кез келген мәселеден жоғары, біздің өткен және келер ұрпақ алдындағы парызымыз – ұлттың өсіп-өркендеуіне тірек болатын ең ұлы құндылық ретінде осы мұраны бар күш-қуатымызбен сақтау және қорғау. Қазақстан өзінің стратегиялық жолымен сенімді түрде қадам басып келеді",- деді.

 

Тегтер