Ақп 09, 2024 22:21 Asia/Almaty
  •  Қазақстан мен Өзбекстан 2023 жылы әлемде алтынды ең көп сатқан  елдер болды

2023 жылы Өзбекстан 25 тонна алтын сату арқылы әлем елдері арасында екінші орынды жеңіп алды.

 

Fars news агенттігінің хабарлауынша, өткен жылы әлемде алтынның негізгі сатушысы 50 тоннаға жуық алтын сатқан Қазақстанның Орталық банкі болды. Өзбекстанның таза алтын саудасы шамамен 25 тоннаны  құрады және ол әлемдегі алтын сататын екінші ел.

Дүниежүзілік алтын кеңесі (WGC): "2023 жылдың қорытындысы бойынша алтын сату көлемі бойынша Өзбекстан екінші орынды жеңіп алды және бірінші орынды Қазақстанға берді",- деп жариялады.

2023 жылы Қытай 230 тонна алтын сатып алып, әлем елдері арасында бірінші орынға шықты. Одан кейін Польша, Сингапур, Ливия және Чехия.

Желтоқсанда әлемдік орталық банктердің алтын-валюта қоры 28 тоннаға өсті, бұл бағалы металдарды сатып алу үдерісінің жалғасуын білдіреді. Түркия 18 тонна алтынмен негізгі сатып алушы болды.

 

Тегтер