Maм 28, 2016 14:57 Asia/Almaty
  • Қазақстанның оппозиционерлері билікті құлатуға талпыныс жасады деп айыпталды

Қазақстанның Бас прокуратурасы жер реформасына қарсы шерулерді ұйымдастырушыларды билікті құлатуға талпыныс жасады деп айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы жұма күні осы іске қатысты мәлімдеме жариялап: «Бұл адамдардың түпкі мақсаты бейбіт шеру өткізу емес, олар саяси-әлеуметтік жағдайды бұзуға талпынуда»,-деп хабарлады.

Бұл шерулер Қазақстанда жер реформасының жобасына қарсы орын алды. Аталмыш жоба шетелдіктерге Қазақстанда жерді 25 жылға жалға алуға рұқсат береді. Шерушілер Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында көшелерге шықты. Үкіметке қарсы шеруде ондаған адам қамауға алынды. Сондай-ақ, Қазақстан полициясының мәліметі бойынша, бірнеше тілші де шерулер барысында қамауға алынып, кейін босатылған.

Қазақстан үкіметі жер реформасы елге шетелдік инвестицияны тарту үшін пайдалы деген уәж айтуда.

Тегтер