Қазақстанда "түрлі- түсті" революцияның белгілері байқалды
(last modified Fri, 10 Jun 2016 11:44:56 GMT )
Маусым 10, 2016 17:44 Asia/Almaty
  • Қазақстанда

ҚР Елбасы осы елде «түрлі- түсті" революцияның белгілері байқалды деп хабарлады.

Қазақстандағы соңғы кездегі бейберекеттіктерден кейін осы елдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8- ші маусым, сәрсенбі күні осы елдің үкіметтік телеарнасынан таратылған мәлімдемесінде: «Жақында Қазақстанда «түрлі- түсті» революцияның кейбір белгілері байқалып, шерулер өткізіліп, күдікті түрдегі кісі өлімдері болып, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға ұмтылыс жасалды. Оған тосқауыл қою үшін қатаң жаза қолдануға бұйрық берілді» деді.

Назарбаев, сондай- ақ Ақтөбедегі жуырдағы оқиғаларды шетелдік күштердің ұйымдастырғанын қуаттап: «Қазақстан сыртқы қысымдардан туындап отырған қоқан-лоққылар мен қазіргі түйткілдерге тосқауыл қоюға толығымен дайын» деді.

Айт кету керек, өткен жексенбі күні бірнеше қарулы адам Ақтөбе қаласындағы қару сататын екі дүкенге, содан кейін қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасады. Соның салдарынан кем дегенде 17 әскери мен 23 әскери емес азамат қаза тапты. «Қазақстан азат армиясы» деп аталатын топ осы оқиғаның жауапкершілігін өз мойнына алды.

Халықаралық айдында бейтараптық стратегиясымен егемендік алған шамамен 25 жыл ішінде Орталық Азиядағы ең тұрақты ел деп таныстыруға болатын Түркіменстаннан кейін Қазақстанды осы стратегиялық аймақтағы келесі тұрақты республика санауға болады.

Шын мәнінде, осы елдің қайраткерлері тек аймақтық саяси және қауіпсіздік өзгерістерге ықпалын ету үшін ғана емес, сонымен бірге халықаралық айдында да оң рөл атқару үшін барынша талпыныс жасауда. Сондықтан Қазақстан қоғамында соңғы кездері әлеуметтік және саяси текетірестердің күшеюі бір жақтан осы елдің халықаралық айдындағы барлық жетістіктеріне кесірін тигізсе, екінші жағынан Қазақстанның халықаралық айдында оң рөл атқарушы мәртебесін дағдарысқа ұшыраған және сонымен қоса ішкі мәселелерге душар болған елге төмендете алады.

Сондықтан Қазақстан қайраткерлері осы елдегі ағымдағы өзгерістерге "түрлі- түсті" революция деген айдар тағу арқылы халықаралық айдында осы елдің мәртебесінің өзгеруінің алдын алу арқылы бұрынғыдай осы елді тұрақты ойыншы деп таныстыруды мақсат етуде.

Кейбір саяси орталықтардың пікірі бойынша, Қазақстан үкіметі қайраткерлерінің ішкі әлеуметтік наразылықтарды кейбір әсірешіл және исламшыл топтарға таңуы немесе соңғы кездегі оқиғаларды сыртқы факторлардан көруі Қазақстан қоғамындағы саяси, әлеуметтік және тіпті экономикалық өзгерістерді өзгеге таңу болып табылады. Жерді сату мен жалға беруге және шетелдің инвестиция салуына деген наразылық пен Қазақстандағы ірілі-ұсақты экономикалық қиыншылықтар, сонымен бірге әлеуметтік және саяси ашық кеңістік қалыптасудың алдын алу халықтың наразылығына себеп болған бүгінгі Қазақстан қоғамының шындықтары болып табылады. Бір өзгешелігі, қазіргі жағдайда осы наразылық белең алып отыр. Биліктің іс- әрекетін сынау үшін осы әлеуметтік мұрсат бөгде факторлардың араласуына байланысты емес, оның басты бөлімі халықтың түрлі таптарының шыдамы таусылуынан туындап отыр.

Парламент пен Елбасы арасындағы билік ойынының қайталануынан туындаған әлеуметтік үмітсіздік наразылықтардың белең алуының негізгі себебі болса керек. Қазір осы наразылықтар митинг өткізу және шетелдіктерге жер беруді сынау әрі «Қазақстанның азат армиясы» деп аталатын топтың қолға қару алуына ұласып отыр. ҚР Елбасы аймақтағы өзге елдердің қайраткерлері сияқты оған тосқауыл қоюдың жолын қарсыластарға қарсы темір жұдырық пайдалану деп есептейді.