Тараз қаласында қарулы қақтығыс болды
(last modified Mon, 20 Jun 2016 16:02:46 GMT )
Маусым 20, 2016 22:02 Asia/Almaty
  • Тараз қаласында қарулы қақтығыс болды

Қазақстанның оңтүстігінде Тараз қаласында полиция мен жастар арасында болған қақтығыста 2 адам жараланды.

Жексенбі күні түстен кейін Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында бірнеше жігіт пен полиция арасында қақтығыс болды. Қаланың жігіттері қақтығыстан кейін полициядан қашып кетпек болады. Қақтығыстардың жалғасында бір полиция офицері мен жігіттердің бірі оққа ұшып, жараланды.

Жамбыл аймағы полициясының мәлімдеуінше, наразы жігіттер қашып, бір пәтерге кіріп кеткен. Аймақ полициясы осы ғимаратты қоршап алып, тұрғындардан босатты.

Жамбыл облысы полиция басқармасының баспасөз бюросы бұл жөнінде осы қақтығыстың қылмыстық шара болғанын және экстремизмге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысқандарды анықтау жөнінде тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы аптада Қазақстанда лаңкестік оқиға орын алған жағдайда кеше осы елде қақтығыс болды.

Үстіміздегі жылы 5-ші маусымда Ақтөбе қаласында ұлттық «Ұланның» бір әскери бөлімшесі мен қару сататын дүкенге жасалған лаңкестік шабуылдардан кем дегенде 25 адам қаза болып, өзге 37 кісі жараланды.