-
Иранның сайлау штабының басшысы: Статистика халықтың өткен кезеңдерге қарағанда көбірек қатысқанын көрсетеді
Нау 01, 2024 19:29Иранның сайлау штабының басшысы: «Кейбір облыстарда қалың қар мен жаңбыр жауғанына қарамастан, қала туралы қолымызда бар статистика мен мәліметтерге қарағанда, біз халықтың бұрынғыдан да керемет қатысуына куә болып отырмыз",- деді.
-
Теһран жұма намазының имамы: Әрбір дауыс Иран халқы сайлағандардың иығына үлкен жауапкершілік жүктейді
Нау 01, 2024 19:18Теһран жұма намазының имамы Әбуторабифард адамдардың дауыс беруге келуіне тоқталып: «Әлеуметтік капиталдың ұлғаюымен, жақсартудың негізі, саяси жүйенің тиімділігі және халықтың сенімі қамтамасыз етіледі",- деді.
-
Иран Президенті дауыс берді
Нау 01, 2024 19:08ИИР Президенті Ибрахим Раиси Ішкі істер министрлігінің сайлау штабында дауыс берді.
-
Даңқты сайлау – сыртқы саясаттағы халықтың қолдауы
Нау 01, 2024 18:54ИИР Сыртқы істер министрі әлеуметтің желідегі жолдауында: "Даңқты сайлау – сыртқы саясаттағы халықтың қолдауы. Сайлауға құлшыныспен қатысу күшті парламенттің қалыптасуына және сайып келгенде, халықтың сыртқы саясаттағы үлкен қадамдарға қолдау көрсетуіне негіз қалады",- деп жазды. Амирабдуллахиан сайлауды Иран үшін күшті ұлттық биліктің көрінісі деп атады.
-
Көптеген сионистер Тель-Авивтің орталық көшелеріне жиналып, Газадағы соғыстың аяқталуын және тұтқындардың босатылуын талап етті
Нау 01, 2024 18:43Бұл шеруге қатысушылар ХАМАС-пен тұтқын алмасу келісіміне дереу қол қоюды талап етіп, ұрандар айтып, қолжазба жазбалар ұстады.
-
Ресей Президенті Батыс елдері мен НАТО-ға мүше елдерді Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы ескертті
Нау 01, 2024 18:26Ресей Президенті Батыс елдері мен НАТО-ға мүше елдерді Украинаға әскер жіберу мүмкіндігі туралы ескертіп: "Мұндай шешім қабылдаған елдерді қайғылы тағдыр күтіп тұр",- деді.
-
Газа Денсаулық сақтау министрлігі: Газаның солтүстігінде тағы бір баланың өлімімен бұл аймақта аштықтан өлген бала саны 13 жетті
Нау 01, 2024 17:59Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарға көмектің қажеттілігі мен шұғыл жөнелтілуіне баса назар аударғанымен, оларға бір аптадан астам уақыт көмек көрсетілмеген.
-
Газа секторының солтүстігінде тағы бір бала аштықтан қайтыс болды
Нау 01, 2024 17:37Газа Денсаулық сақтау министрлігі аймақта осы уақытқа дейін аштықтан 13 баланың қайтыс болғанын жариялады.
-
Иранның түпкір-түпкірінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы өтіп жатыр
Нау 01, 2024 17:22"Сахаб" желісінің мәліметі бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы таңғы сағат 8.00-де басталды. Дауыс беру 10 сағатқа созылады және қажет болған жағдайда ұзартылады. Бүгінгі сайлауға 61172 298 адам дауыс беруге құқылы.
-
Ислам революциясының жетекшісі сайлау уақыты басталысымен дауыс берді
Нау 01, 2024 16:54Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, жұма Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы күні таңертең дауыс беру басталуының ең алғашқы сәтінде Имам Хомейнидің Хосейниесіне келіп, жүзден астам отандық және халықаралық БАҚ журналистері мен операторларының алдында дауыс берді.