-
"Pars 1" - ұшыруға дайын ең жаңа ирандық жерсерігі
Ақп 28, 2024 19:14Иран Ғарыштық зерттеулер институтының қоғаммен байланыс бөлім: "Pars 1" жерсерігі – зерттеу-өлшеу спутнигі. Жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерін елдің мамандары мен жас ғалымдары Иран Ғарыштық зерттеу институтында жүргізді. Жақында ол Жер бетінен 500 шақырым қашықтықта Күн орбитасында орналасады",- деп хабарлады. Ғарыш саласы ғалымдарының бұл жетістігіне қатысты қосымша жаңалықтар алдағы күндері жарияланады
-
Хизболла: Сионистік режимнің Ливан жеріне жасаған шабуылына жауап ретінде басқыншы күштердің позицияларын нысанаға алдық
Ақп 28, 2024 19:11Бұл шабуылдарда Ливан Хизболласы басып алынған Палестина жерінің солтүстігіндегі «Жатун» базасында сионистік армияның 146-шы бригадасының жаңадан салынған штаб-пәтерін ондаған зымырандарымен нысанаға алды. Өткен 4 айда Ливан Хизболласы Палестина халқына қолдау көрсету үшін басып алынған жерлердің солтүстігіндегі сионистік әскерилердің базаларын бірнеше рет нысанаға алды.
-
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германиядан адам құқықтарын қорғауда өз талаптарын дәлелдеу үшін Газадағы геноцид фактілерін анықтау комитетін құруды сұрады
Ақп 28, 2024 18:52Германия Сыртқы істер министрі Аналена Баербок Женева отырысында Ирандағы адам құқығының бұзылғанын алға тартып, БҰҰ-ның осыған байланысты фактілерді анықтау топтың миссиясын ұзартуды талап етті.
-
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Украинадағы жағдайды ауыр деп сипаттады
Ақп 28, 2024 18:36АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби: «Украиндар территориясынан айырылып жатыр және оны қорғауға оқ-дәрілері жоқ»,- деді.
-
Америкалық ұшқыш сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жіберді
Ақп 28, 2024 18:14АҚШ армиясы әуе күштерінің қызметкері Вашингтондағы сионистік режимнің елшілігі алдында өз-өзін жағып жатып, "Мен бұдан былай геноцидке қатыспаймын" деп айғайлаған.
-
Алғаш рет дауыс беретіндер Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
Ақп 28, 2024 18:09Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы қарсаңында алғаш рет дауыс беретіндер тобы мен шәһидтердің жанұялары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.
-
Иран Сыртқы істер министрі Женевада Венесуэла Сыртқы істер министрімен кездесті
Ақп 28, 2024 16:57Тараптар Иран мен Венесуэла арасындағы 20 жылдық ынтымақтастық құжатының жүзеге асырылуын және маңызды жаһандық мәселелерді, соның ішінде Палестинаны талқылады.
-
Иран мен Финляндия Сыртқы істер министрлері Женевадағы Адам құқығы кеңесінің отырысы аясында кездесті
Ақп 28, 2024 16:54Иран Сыртқы істер министрі Финляндия Сыртқы істер министрімен кездесуінде Газада 30 мыңға жуық бейбіт тұрғынның өлтірілуіне тоқталды.
-
Сионистік режим Газа секторының әртүрлі аймақтарын бомбалады
Ақп 27, 2024 21:50Сионистік режим армиясы бүгін сейсенбі күні таңертең Газа секторына шабуылдарын жалғастырып, аймақтың тұрғын аудандарын бомбалады.
-
Ислам ынтымақтастығы ұйымы: Геноцидтік Израиль режиміне қару сатпаңдар
Ақп 27, 2024 21:39Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы әлемнің барлық елдерін Израильдің геноцидтік режиміне қару-жарақ пен оқ-дәрі экспорттауды тоқтатуға шақырды.