-
10 халықаралық ұйым тез арада және тұрақты атысты тоқтатуға шақырды
Жел 20, 2023 17:37Сионистік шабуылдарда Газадан 19660-тан астам адам қаза тапқаннан кейін 10 халықаралық ұйым дереу және тұрақты атысты тоқтатуды талап етті.
-
Тілшілер әлі де сионистік күштердің нысанасы болып табылады
Жел 20, 2023 17:07Сионистік күштердің бүгін Газаға қарсы шабуылдарының жалғасуымен тағы бір журналист сионистік күштердің қолынан шәһид болды.
-
ИИР Президенті Түркіменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Жел 20, 2023 16:45ИИР Президенті Түркіменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемінің артуына ризалығын білдіріп, энергетика, көлік және транзит саласындағы бірлескен экономикалық комиссия отырысының маңызды келісімдерін жүзеге асыруды жеделдету қажеттігін қуаттады.
-
Қалибафтың жолдауы Ресейдің ұйымдастыруымен өткен ҰҚШҰ мүше елдер парламент басшыларының отырысында оқылды
Жел 20, 2023 16:39Ресейде өткен Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдер парламент басшыларының отырысында Ислам кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибафтың жолдауы оқылды.
-
Иордан өзенінің батыс жағалауында тағы төрт палестиналық шәһид болды
Жел 19, 2023 21:50Палестина ақпарат құралдары сионистік күштердің Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған шабуылында тағы төрт адамның шәһид болғанын хабарлады.
-
Қарсыласу жауынгерлерінің қолынан екі сионистік сарбаз өлді
Жел 19, 2023 21:32Израиль армиясы Газадағы соғыста бірқатар сарбазының өлгенін және жараланғанын мойындады.
-
АҚШ Қызыл теңізді бақылауға алу үшін коалиция құрылуын хабарлады
Жел 19, 2023 20:26АҚШ Қорғаныс министрі «хоуситтер (Йемен армиясы) шабуылдарынан кейін Қызыл теңіздегі сауданы қолдау» деп атаған мәселе үшін көпұлтты күштердің құрылуын жариялады.
-
Ресей Сыртқы істер министрі: Украинада НАТО күштері соғысып жатыр
Жел 19, 2023 20:22Ресей Сыртқы істер министрі: "Украинадағы соғысты сылтау етіп Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы (НАТО) күштері осы елде соғысып жатыр деп есептейтін дәлелдер бар",- деді.
-
Тоқаев: Тәуелсіздік Қазақстан үшін жаңа көкжиектер ашты
Жел 19, 2023 20:02Қазақстан Президенті еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтауында: "Тәуелсіздік еліміздің алдынан жаңа көкжиектер ашты",- деді.
-
Қытайдағы жер сілкінісі 100-ден астам адамның өмірін қиды
Жел 19, 2023 19:28Қытай ақпарат құралдары Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 116 адам қаза тауып, 220-сы жараланғанын хабарлады. Қытай билігі Ганьсу провинциясындағы бұл жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 балл болғанын айтты, бірақ АҚШ Геологиялық қызметі оның күшін 5,9 балл деп бағалады.