-
Раск ауданында болған лаңкестік шабуылдан 11 тәртіп сақшысы шәһид болды
Жел 15, 2023 21:01Иран полиция басқармасының баспасөз өкілі Систан мен Белучистандағы Раск ауданында бір полиция бөлімшесіне жасалған лаңкестік шабуылда 11 тәртіп сақшысы қаза тапқанын хабарлады.
-
Ирактың исламдық қарсыласу күштері Сириядағы АҚШ әскери базасына жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды
Жел 15, 2023 20:42Ирактың исламдық қарсыласу күштері бейсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ-тың әт-Таниф әскери базасына жасалған дрондық шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.
-
2 мыңнан аса сионист сарбаз Сорока ауруханасына жеткізілді
Жел 15, 2023 20:31Сионистік режимнің Сорока ауруханасы бейсенбі күні: "Газада соғыс басталғалы бері тек осы ауруханаға 2148 жаралы израильдік жеткізілді",-деп хабарлады.
-
Сионистік режимнің шабуылдарында 3 мыңнан аса палестиналық оқушы шәһид болды
Жел 15, 2023 20:10Палестинаның Білім және тәрбие министрлігі бейсенбі күні кешке: "Сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына айуандық шабуылдарында 3714 палестиналық оқушы шәһид болды",-деп хабарлады.
-
Йемен Қарулы күштері сионистік режимнің кемесін нысанаға алды
Жел 15, 2023 19:34Йемен Қарулы күштері бейсенбі күні кешке сионистік режимнің тағы бір кемесін дронмен нысанаға алғанын хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Ирак қарым-қатынасының даму үдерісі екі ел мен аймақтың мүддесіне сай келеді
Жел 15, 2023 19:19Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ирактың бауырластық қатынасының тереңдігіне тоқталып, екі ел байланысының түрлі салаларда қарқынды дамып жатқанына ризалық білдіріп, бұл қатынасты екі ел мен аймақтың мүддесіне сай деп атады.
-
Әбу Насыр Әл-Фараби және ортағасырлық мұсылмандық педагогикалық мұралар зерделенуде
Жел 15, 2023 17:417 желтоқсанда Нұр-Мүбарак университетінде "Әбу Насыр Әл-Фараби және ортағасырлық мұсылмандық педагогикалық мұралар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Иран мен Алжир Парламенттерінің төрағалары Газа секторында сионистердің қылмыстарын тоқтату керегін баса айтты
Жел 15, 2023 16:41Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын қолдауға бағытталған практикалық шешім жолдарын талқылау үшін ислам елдері Парламенттері төрағаларының деңгейінде Палестина тұрақты комитетінің төтенше отырысын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан босқындарға кемсітушілік қатынас болмауы керегін баса айтты
Жел 15, 2023 16:10Иран Сыртқы істер министрі халықаралық ұйымдар мен комиссарияттардың әртүрлі елдердің мигранттары мен босқындарына кемсітушілік қатынас көрсетпеуі керегін баса айтты.
-
Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраның(с.) шәһид болған күніне арналған аза тұту рәсімінің алғашқы кеші өтті
Жел 15, 2023 15:30Хазірет Фатима Захраның(с.) шәһид болған күніне арналған аза тұту рәсімінің алғашқы кеші Имам Хомейни (р.) кесенесінде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті.