Жел 23, 2016 18:34 Asia/Almaty
  • Алеппо халқы қала лаңкестерден толық азат етілген соң шаттыққа бөленуде

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының халқы осы қала лаңкестерден толық азат етіліп, тазартылған соң көшелерге шығып, қуанып жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бейсенбі күні кешке соңғы лаңкестер мен олардың жанұялары қаладан шығарылып, қала толығымен тазарды деп жарияланған соң Алеппоның тұрғындары көшеге шығып, тәкбир айтып, мешіттерден азаншылардың дауысы естілді.

Алеппоның батыс аудандарындағы көшелер шаттыққа бөленген керуендер, от шашулар мен жеңіл көліктердің үздіксіз дабыл қағуының куәсі болды.  

Сирия Қарулы күштерінің бас қолбасшысы бейсенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Алеппо қаласының лаңкестерден толық азат етіліп, тазартылғанын хабарлады.

Сирия Қарулы күштері бас қолбасшысының мәлімдемесінде: «Алеппоға қауіпсіздіктің қайта оралуы – лаңкестікпен күресте маңызды бетбұрыс нүктесі әрі стратегиялық өзгеріс, лаңкестік жобалар мен оларды демеушілерге ауыр соққы болып саналатын жеңіс пен сәттілік»,-деп қуатталған.

 

Тегтер