Шіл 11, 2017 08:24 Asia/Almaty
  • Әл-Абади: Ирак үкіметі босқындарды үйлеріне қайтаруға талпыныс жасайды

Ирактың премьер-министрі Ирак үкіметінің барлық босқындарды өз аймақтарына қайтару үшін талпыныс жасап жатқанын мәлімдеді.

Ирактың премьер-министрі Хейдар әл-Абади Мосулда мәсиһи дінін ұстанушылардың бір тобымен кездесуінде кез келген дін, қауым мен тайпа өкілі болып табылатын барлық босқындардың өз үйлеріне қайта оралатындығына үміт білдіріп: "Нейнава облысының жергілікті тұрғындары арасында қайтадан түсіністік орнауы керек" деді. 

Әл-Абади Ирак халқының бірлігін қуаттап: "ДАИШ лаңкестік тобының шабуылдары мен іс-әрекеттеріне реакция ретінде барлық қауымдар мен топтар бір-бірінің қасында бірлікпен иық тіресе өмір сүруі керек" деді. 

Ирак премьер-министрі сондай-ақ Ирак үкіметінің осы ел азаматтарын қорғау міндетіне тоқталып: "Діни алуандыққа қарамастан, Ирак халқының барлық топтарына қызмет көрсетіледі" деді. 

Тегтер