Жел 13, 2017 17:12 Asia/Almaty
  • Рухани Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының саммитіне қатысу үшін Стамбулға келді

ИИР Президенті Құдс мәселесіне қатысты Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының төтенше саммитіне қатысу кеше кешке Стамбулға келді.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы басшыларының төтенше саммиті  бүгін, сәрсенбі күні ислам елдері басшыларының қатысуымен АҚШ Президентінің елінің елшілігін басып алынған Құдс қаласына көшіру шешіміне қарсы тиісті шешім жолдарын қарастыру мақсатында Стамбулда өтеді.

Иран Президенті Хасан Рухани  сейсенбі күні Меһрабад әуежайында Түркияға аттанардан бұрын журналистердің алдында АҚШ Президентінің өз елінің елшілігін Құдсқа көшіру шешімін заңсыз әрі арсыз әрекет деп атап: "Бұл – ислам әлеміне қарсы сионистік-америкалық жобаның бір бөлімі. АҚШ Президенті Дональд Трамптың шешімі – аймақтағы жаңа қайшылықтардың басталуы. Егер мұсылмандар бірлігін сақтап, бұл шешімге қарсы тұрса, мұсылмандар мен палестиналықтар үшін үлкен жеңіс болады",- деді.

 

 

Тегтер