Maм 19, 2018 12:38 Asia/Almaty
  • Стамбұл отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысы 30 баптан тұратын қорытынды мәлімдеме жариялаумен аяқталды. Ислам елдерінің басшылары осы қорытынды мәлімдемеде сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын зерттейтін комитет құруды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам елдерінің басшылары жұма күні кешке қорытынды мәлімдемеде БҰҰ-ның басты органдарынан (Қауіпсіздік кеңесі, Бас хатшысы, Бас ассамблеясы, Адам құқығы кеңесі, Адам құқығын қорғау жоғары комиссариаты мен арнайы бақылау ұйымдарынан) шұғыл түрде сионистердің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын тексеретін комитет құруды талап етті.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің басшылары осы мәлімдемеде әлемдік қауымдастықтан Палестина халқын қорғауды, соның ішінде халықаралық бітімгер күштерді Палестинаға жіберуді сұрады.

Стамбұл отырысына қатысқан Ислам елдері сионистік режимді Палестина халқына қатысты адамгершілікке жат әрі заңға қайшы айуандық қылмыстар жасап, Палестина жеріне шабуыл жасағаны үшін айыптады.

Ислам елдерінің басшылары мәлімдемеде сионистік режимді басқыншы әрі қылмыскер деп атап, бұл режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының АҚШ-тың қолдауымен жасалып жатқанын айтты.

 

Тегтер