Қаз 29, 2018 22:35 Asia/Almaty
  • Зариф Стамбұлға аттанды

Иран Сыртқы істер министрі Иран, Түркия мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің алтыншы үшжақты отырысына қатысу үшін Стамбұлға аттанды.

ИИР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровтың алтыншы отырысы ертең, сейсенбі күні 30 қазанда Стамбұл қаласында өтеді.

Түркия СІМ-нің мәлімдемесі бойынша, Иран, Түркия мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері Стамбұл отырысы барысында үш елдің әріптестігін кеңейту жолындағы мүмкіндіктер мен кейбір маңызды аймақтық тақырыптарды талқылайды.

Иран, Түркия мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің бесінші отырысы 2017 жылы Баку қаласында өткен болатын.

 

Тегтер