Maм 26, 2019 13:44 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы: "Барша жұрт Палестина мәселесін жоюды көздейтін "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жобамен күресуге міндетті",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Насролла сенбі күні қарсыласу қозғалысының 2000 жылы сионистік режимді жеңгеніне және Ливанды толық азат еткеніне 19 жыл толуына орай сөйлеген сөзінде: "Бүгінде Палестина халқы оларды жоюға бағытталған ең ірі қастандықпен бетпе-бет келіп отыр. Сол себепті биылғы жылғы Құдс күнінің (31 мамыр) басты тақырыбы – Трамптың жобасына қарсы тұру",-деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы Бахрейн үлемдері мен революцияшылдарының ұстанымдарын қолдап: "Ғасыр мәмілесі" жобасын орындаудың алғашқы қадамы Манамада жасалмақшы. Бахрейн конференциясы палестиналықтарды Ливан мен басқа елдерде орналастыруға жағдай жасауы ықтимал. Алайда барлық ливандықтар палестиналық босқындар туралы бір ұстанымға ие",-деп қуаттады.

Сейіт Хасан Насролла: "Қарсыласу қозғалысы болмағанда Трамп Ливанның оңтүстігін де Құдс пен Голан жоталары сияқты Израильге берер еді",-деді.

Тегтер