Қаз 20, 2021 17:32 Asia/Almaty
  • Насролла: Ислам елдері

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ислам елдері тарапынан бір комитет құрылып, комитет мүшелері кездесулерінде "Ислам бірлігі" халықаралық конференциясының тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасауды сұрады.

Сейіт Хасан Насролла сейсенбі күні "Ислам бірлігі" атты 35-ші халықаралық конференцияның бірінші күнінде бейнежолдау жіберіп: "Ислам əлемінің үлкен қиыншылықтар мен алауыздыққа душар болып отырғанына жылдар болды. АҚШ бастаған үстемшіл күштер мұсылмандардың қарым-қатынасын нысанаға алып отыр. Басқа жағынан Ислам революциясынан кейін түрлі тəсілдермен мұсылмандар арасында бірлік пен əріптестікті нығайту мақсатында талпыныстар жасалды",-деді.

Хизбулла бас хатшысы: "Соңғы 20 жылда өткен "Ислам бірлігі" конфедерациялары нəтижесінде қол жеткен жетістіктер көптеген қоқан-лоққымен күресіп, түйткілдерді еңсеруде айтарлықтай рөл ойнады",-деді.

Насролла: "Бірлікті сақтап, үйлесе əрекет ету арқылы АҚШ пен үстемшілдерді тізе бүктіріп, жеңуге тырысуымыз керек. Ниет түзу болса, сәттілікке жетеміз",-деді.

Тегтер