Сәу 21, 2022 19:02 Asia/Almaty
  • Иран Палестинаның толық азат етіліп, аймақта тұрақты бейбітшілік орнауын қалайды

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан: "Палестинаны басып алуды тоқтатып, аймақта тұрақты бейбітшілік орнату, босқындардың өз жерлеріне қайтуы, Палестинаның келешек жүйесін анықтау жалпыхалықтық референдум өткізіп, тәуелсіз үкімет құру негізінде жүзеге асырылады",-деді.

Амир Абдуллахиан, сондай-ақ, сионистердің соңғы әрекеттерін бұл режимнің Құдстың болмысын өзгертуге бағытталған сұрқия саясатын жалғастырып жатқанының айқын айғағы деп қатаң сынға алып: "ИИР ислам діні  мен басқа да илаһи діндердің тағылымдарынан шабыт ала отырып, халықаралық заңдарға сәйкес Палестина халқының адами құқықтары толық орындалу мақсатында осы халықтың күресі мен қарсылығына ұдайы қолдау көрсетуді өзінің сыртқы саясатының басты принциптерінің қатарына қойды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің Палестинаны сионистерден толық азат ету арқылы Батыс Азия аймағында тұрақты бейбітшілік орнату қажеттігін баса айтуы ИИР-дің Палестина мәселесіндегі басты ұстанымын білдіреді.

Шын мәнінде 1948 жылы сионистік режим заңсыз құрылғаннан кейін осы режимнің басқыншылық саясаттары салдарынан бұл аймақта көптеген соғыс пен қақтығыстар болып жатқанына 75 жыл болды. Израиль режимінің бұл саладағы тұрақты қатынасы – Палестина халқына қысымды күшейту, олардың үйлері мен жерлерін тәркілеу, палестиналықтарды өз тұрғын аудандарынан кетуге мәжбүрлеу. Мысалы, оларды Құдстың шығысындағы Шейх-Джаррах ауданынан қуып шығуға талпыныс жасалды. Мұнымен қоса, Тель-Авив Газа секторын ұзақ жылдар бойы қоршауда ұстап, бұл аймаққа үздіксіз шабуыл жасап, Газа халқына қарсы қанды соғыстар бастап, Палестинада апартеидтік жағдай орнатып, Иордан өзенінің батыс жағалауында дуал салып, сионистік қалашықтарды палестиналық аудандардан бөлуді күн тәртібіне қойды.

Осындай жағдайда Палестина халқы сан рет интифаза жасап, сионистік режимнің басып-жаншушы әрекеттеріне қарсы көтерілді. Мұнымен қоса, Хамас пен Исламдық джиһад сынды палестиналық қозғалыстар қалыптасып, сионистік режимге қарсы ұйымдасқан қарулы қарсылық күн сайын күшейіп келеді.

ИИР әрдайым Палестина мәселесін түбегейлі түрде шешу керегін айтып келеді. Яғни босқындар өз жеріне қайтып оралып, референдум негізінде Палестинаның келешек жүйесі қалыптасып, тәуелсіз үкімет құрылуы тиіс. Иран Палестина мен қарсыласу қозғалысының армандарын қолдауды өз сыртқы саясатының күн тәртібіне қойды. Палестина қарсыласу қозғалысының басшылары Иранның бұл ұстанымын қолдап, сан рет алғыс айтты.

Хамас саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания: "Палестина мен оның жапа шеккен халқының армандарын қорғауда тұрақты саясат ұстанып келе жатқаны үшін ИИР-ге алғыс айтамыз. Иран – мықты демеуші. Біз оны мақтан тұтамыз",-деді.

Тегтер