Maм 09, 2024 18:51 Asia/Almaty
  • Израильдік қыздар аса қатыгез сарбаздарға ғашық бола ма?

Аты аталмауын сұраған бір тәуелсіз зерттеушінің айтуынша, әлеуметтік желілердегі израильдіктердің біртүрлі қатынасы Израиль қоғамының ұжымдық психозға ұшырағанын көрсетеді.

Израильде достық бағдарламаларына кіретін қолданушылар көбіне Газада қылмыс жасаған сионистік сарбаздардың  суреттерін көреді.

Мұнда әскери форма киген сарбаздар күн батқан мезгілде қолдарындағы автоматты жоғары көтеріп, күліп тұрып суретке түскен. Бұл садистік мазмұн тудырады.  

Израиль сарбаздарының Tinder танысу бағдарламасындағы суреттері

Профайлдардың көбінде әскери киім киіп, қару-жарақ асынған ер адамдар көрінеді. Бірақ олардың кейбіреулері оқ ату қалыбында түсірілген.  

Мергендер тура камераға қарап суретке түседі. Кейбір сарбаздар қирандылардың арасында кетіп бара жатады.

Суреттердің бірінде бір сарбаз жанып жатқан ғимараттың алдына қойылған Израиль туына қарап күліп тұр.

Басқа суретте сарбаз бір палестиналық үйдің қабырғасына ілінген әйелдердің іш киімдерінің фонында тұр. Бұл үйдің тұрғындары мәжбүрлі түрде көшірілген немесе ең ауыр жағдайда өлтірілген болуы ықтимал.  

Израильдіктер Tinder мен Hinge атты танысу бағдарламаларында өздерінің әскери қимылдарын көрсетіп жатқанына біраз болды. Алайда Газаға басқыншылық басталғалы бері суреттердің көлемі мен саны артты.

Tinder мен Hinge қосымшалары өз платформаларында қатыгездік мазмұнындағы суреттерге тыйым салынған деп айтады.

Tinder қосымшасында: "Алдау, өлтіру, адамдар мен жануарларға қатігездік жасау, қару-жарақ қолдану мазмұнындағы суреттерді қабылдамаймыз"- делінген.

Hinge қосымшасында былай делінген: Жәбірлеу, азаптау, ренжіту, жала жабу сипатындағы және лаңкестік, қоқан-лоқы және нәсілдік кемсітушілікке үндейтін кез келген контентке тыйым салынады.

Халықаралық құқық мамандарының сенімінше, танысу профайлдарында көрсетілген бейбіт нысандарды қасақана бомбалау, қирату және талан-таражға салу актілеріне қатысты суреттер – соғыс қылмыстарының айқын дәлелдері.

Газа соғысы басталғалы бері Израиль көшелерінде қару-жарақ толып кетті. 2023 жылы 7 қазаннан кейін кемінде 100 мың израильдік қару-жарақ ұстауға рұқсат алды. 200 мыңға жуық адам қару-жарақ ұстауға рұқсат алуды күтіп жатыр.

Қарқынды милитаризациялау онлайн танысу сайттарына да енді. Әскери форма кию израильдіктер үшін мақтаныш белгісіне айналған.  

Тәуелсіз сарапшының айтуынша, әлеуметтік желілердегі израильдіктердің біртүрлі қатынасы Израиль қоғамының ұжымдық психозға ұшырағанын көрсетеді.

Газада көрсетілген қатыгез қатынас және соғыс алаңы туралы суреттерді виртуалды кеңістікте көрсету израильдіктер үшін қалыпты ғана емес, бір тартымды ойын-сауыққа айналды. Соғыс қылмыстары қалыпты жағдайға айналып, қылмыс жасаушылар соғыс қаһармандары ретінде таныстырылған кезде бұл қылмыскерлер израильдік қыздар үшін тартымды таңдауға айналары анық.

Дереккөз: Buxbaum, Jessica . 2024. Israeli soldiers are posting Gaza war photos on dating apps. The New Arab.

Тегтер