Қыр 29, 2022 22:56 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің қолбасшысы: "Осы уақытқа дейін жерден жерге атылатын 73 баллистикалық зымыран мен ондаған ұшқышсыз ұшақ Ирактың Күрдістан аймағындағы лаңкестердің позицияларына дөп тиіп, оларды толық жойды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Мұхаммед Пакпур "Хамза" гарнизондары жауынгерлерінің сепаратист лаңкестердің позицияларына шабуыл жасағанына тоқталып: "Бұл амалда Ирактың Күрдістан аймағындағы лаңкестердің позициялары нысанаға алынды",-деді.

Пакпур: "Лаңкестер 42 жерде шашырай орналасқан. Аралары 40 км. Соның ішінде Иранға қарсы лаңкестік топтар орналасқан жерлер талқандалды",-деді.

Тегтер