Maм 12, 2023 16:42 Asia/Almaty

Бағдатта Иран мен Ирак арасында есірткі заттармен күрес саласында ынтымақтастық туралы алғашқы меморандумға қол қойылды.

Сейсенбі күні Бағдатта Ирак үкіметінің ұйымдастыруымен және Иран, Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия, Иордания, Мысыр мен Сирия елдерінің қатысуымен  "Есірткі заттармен күрес" атты аймақтық конференция басталды.

Есірткі саудасының алдын алу үшін ақпарат алмасу, есірткі заттар контрабандасымен айналысатындарды ұстауға тиімді шешім жолдарын табу және осы сұрқия құбылысқа қатысты бірыңғай позиция білдіру аталмыш конференцияның ең маңызды тақырыптары болды.

Осы конференцияға қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Бағдатқа барған Иранның есірткі заттармен күрес штабының хатшысы Ескендір Мумени іс-шара аясында Иран мен Ирак арасында есірткі заттармен күрес саласында ынтымақтастық туралы алғашқы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Осы меморандум бойынша Иран Ирак Денсаулық сақтау министрлігімен есірткіге тәуелді адамдарды емдеу тәсілін үйрету және медициналық қызметкерлерді дайындау саласында әріптестік жасайтын болады.

Тегтер