Маусым 15, 2023 17:43 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауында 1 палестиналық шәһид болды

Сионистік режим әскерилерінің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласына түнгі шабуылы барысында 1 адам шәһид болып, 3 адам жараланды.

Сионистік режимнің түнде бір сионистік сарбазды өлтірген палестиналық тұтқынның үйін қиратуы салдарынан бір палестиналық шәһид болып, 3 адам жараланды.

Сионистік режимнің әскерилері қарсыласу күштерінің мүшесі әрі палестиналық тұтқын Усама Тавилдың үйін қирату үшін кеше кешке Наблус қаласына кірді. Олардың әрекеті палестиналықтармен қақтығысқа ұласты.

Сионистік режимнің Соғыс министрлігінің хабарлауынша, сәуір айында Наблус қаласындағы  Усама Тавилдың үйін тәркілеу және қиратуға бұйрық берілген. Усама Тавил – "Арин ус-суд" атты қарулы қарсыласу тобының мүшесі. Ол Израиль армиясының сержанты Идо Барухты өлтірген.

Тегтер