Шіл 21, 2023 20:19 Asia/Almaty
  • Ливан Хизбулласы бас хатшысының мәлімдемесі

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Швецияда тағы Құранға құрметсіздік көрсетілгеніне тоқталып: "Куә болып отырған оқиға – мұсылмандардың ашу-ызасын тудыруды жалғастыру",-деді.

Сейіт Хасан Насролла мұхаррам айының түндеріне қатысты сөйлеген сөзінде: "Құранды өртеген адамның Швеция үкіметінің рұқсатымен әрекет етіп отырғаны айдан анық",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Құранды қорлау – барша мұсылманға құрметсіздік көрсету. Сондықтан халықтың ашу-ыза білдіруге қақы бар",-деді.

Сейіт Хасан Насролла: "Ислам және араб халықтарынан өз үкіметтерінен Швециядан елшілерін қайтарып, өз елдерінен Швеция елшілерін шығарып жіберуді талап етуін сұраймын. Швецияда Құранды қорлау әрекеті тағы қайталанса, келесі қадам осы елмен қарым-қатынасты үзу болмақ",-деді.

 

Тегтер