Шіл 21, 2023 23:00 Asia/Almaty
  • Ердоған Махмұд Аббас пен Нетаньяхуды қабылдайды

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келесі аптада Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас пен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды қабылдайды.

Түркия Президенті аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас 25 шілдеде, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 28 шілдеде Түркияға іссапармен барады.

Түркия ақпарат құралдары осы сапарлардың мақсаттарын екіжақты қарым-қатынас және энергетика саласындағы аймақтық ынтымақтастық жолдарын талқылау деп жариялады.  

Тегтер