Там 22, 2023 01:14 Asia/Almaty

Халықаралық мешіт күніне орай Палестина халқы басып алынған Құдстағы әл-Ақса мешітіне жиналды.

Мұсылмандардың бірінші құбыласы Әл-Ақса мешітін қорғау – мұсылмандар бірлігінің символы.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ұсынысымен және Ислам ынтымақтастық ұйымының қолдауымен 1969 жылы 21 тамыз әл-Ақса мешітінің өртелген күні Халықаралық мешіт күні деп аталды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Халықаралық мешіт күнінің маңыздылығы туралы: "Мешіт күні – негізі бір революциялық күн. Бұл –  Әл-Ақса мешітінің өртелген күні және сионист дұшпанмен күрес символы. Мешіт күніне осы тұрғыдан қараңыз, осы бағытта қозғалыңыз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің Құдстағы тілшісі мұсылмандар үшін мешіт, әсіресе әл-Ақса мешітінің орны мен маңыздығын айта келіп, мұсылмандардың алғашқы құбыласының бір күндік жұмысын көрсетті.

 

Тегтер