Қаз 20, 2023 18:15 Asia/Almaty
  • Хания: Газа секторында болып жатқан оқиға аймақтық соғысқа ұласады

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы: "Газа секторында болып жатқан оқиға аймақтық соғысқа ұласады. Дұшпан мен оның демеушілері оны бақылауға ала алмайды",-деді.

Al-Alam арнасының хабарлауынша, Исмаил Хания: "Сионистердің қылмыстары мен айуандықтарына қарамастан Палестинаның қарсыласу күштері бұл шайқаста тізгінді өз қолына ұстап отыр",-деп мәлімдеді.

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы: "АҚШ ислам мен араб елдерін Газа тұрғындарын көшіруге көндіруде сәтсіздікке ұшырады",-деді.

Исмаил Хания: "Палестина халқы өз жеріне адал. Сондықтан ешқашан қоныс аударуға немесе басқа отан таңдауға көнбейді. Сионистердің мақсаты – Газа тұрғындарын Мысырға, Иордан өзенінің батыс жағалауының тұрғындарын  Иорданияға көшіру",-деді.

Исмаил Хания: "Шайқастың алдыңғы сағаттарында қол жеткізілген жеңіс – дұшпанның жеңілісінің бастамасы. Мұны саяси тұрғыдан пайдалану Палестина халқының мүддесіне сай келеді",-деді.

Тегтер